О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат http://zhandosov-nura.mektebi.kz/ ru О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат DataLife Engine Оқұ-әдістемелік жұмысы http://zhandosov-nura.mektebi.kz/ou-dstemelk-zhmys/141-o-dstemelk-zhmysy.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/ou-dstemelk-zhmys/141-o-dstemelk-zhmysy.html

№ р/с

          Іс-шаралар

Жұмыс түрлері

Нысаналы топ

Орындау мерзімі

Ескертулер

Есептілік нысаны

ТамызІ. Диагностикалау

1

 Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындау және психологтың жылдық жоспарын жасау, іс құжаттарды реттеу

Жоспарлау


тамыз

2022-2023 оқу жылына  арналған  жоспар 


2

 Мектеп бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жеке құжаттарымен танысу, жинактау;

Құжаттармен  танысу

ЕББ қажет ететін  оқушылар

тамыз



ІІ. Түзету-дамыту жұмысы


 
3

Инклюзивті  балалармен     жұмыс  жасау  жоспарын     жасап  бекіту


 Жоспарлау


 
 


 
тамыз


 
 

ДЖК
 
 

III. Профилактика және психологиялық ағарту


 
4

Сынып жетекшілермен жыл бойы жүргізілетін жұмыстарды талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу; 


 
Түсіндірме  жұмысы


 
 


 тамыз


 
 


 Сынып  жетекшілер семинары

IV. Консультация беру


 
5

Ерекше     білім  беруді  қажет     ететін  оқушылардың  ата –анасына  кеңес     беру.                                                                    


 Әңгімелесу


 
 


 тамыз


 
 


 
 

V. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс


 
6

Жаңадан  келген     оқушылармен  танысу

Жас мамандармен әңгіме  жүргізу

Әңгіме 
 
 

Жаңа  келген  оқушылар 
 
 


 
тамыз


 
 

Сынып жетекшілер  семинары

VI. Жыл бойынша психологиялық қызмет туралы талдамалық есептер

7
 
 

Әлеуметтік  желі     бойынша  мониторинг  жасау
 
 


 бақылау 


 5-11 сынып


 тамыз


 
 


 ДЖК


Нысан











]]>
admin Sat, 15 Jul 2023 12:51:37 +0600
Бағалау 2022-2023 ж http://zhandosov-nura.mektebi.kz/zn-z-baalau/140-baalau-2022-2023-zh.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/zn-z-baalau/140-baalau-2022-2023-zh.html "О. Жандосов атындағы орта мектеп- интернаты" КММ 2022-2023 оқу жылыБастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттар


Бағалау өлшемшарттарыӨлшеуіштерБалдарыТиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі100% ( 50 мұғалім сабақ беретін)5Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) үлесі80 - 94 % ( жалпы 50 мұғалімнен 8 мұғ. өте алмаған уақытында олар: Салманов, Уалиханов, Мамбеталиев, Көдеков, Маметов, Данабаева, Шуленова, Абдуллаева)3Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі80 %-дан төмен (басшы және орынбасарлар біліктілік арттыру курстарынан өтпеген)2Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесіТолық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:5жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45 %-дан жоғары (жалпы сабақ беретін 18 мұғалімнен 9 мұғалімде категориясы бар )Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесіТолық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:2жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -35%-дан төмен, лицейлер - 40 %-дан төмен, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі30%-дан төмен, гимназиялар үшін 40 %-дан төмен, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан төмен (жалпы 39 мұғалімнің 11 мұғалімінде санат бар )Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы80 %-дантөмен2Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 тіркелген) сәйкес жағдай жасалуы (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу)80 - 94 %3Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 тіркелген), 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 тіркелген) сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілуі100%5Білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуының сәйкестігі (топтар/сыныптар бөлінісінде)100%5Оқыту нәтижелері (білім, білік және дағды сапасын бағалау) Компьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 85 %–дан 100 %-ға дейін құрайды(мектеп аттестацияға түспеді, сондықтан тест тапсырмады)Компьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 65 - 84 %-ға дейін құрайдыКомпьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 40-64 %-ға дейін құрайдыКомпьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 40 %-дан төмен құрайдыБілімалушылардың сауалнама нәтижелерін талдау80 % -дан 100%-ға дейінгі респонденттеркөрсетілетінбілімберуқызметтерініңдеңгейінеқанағаттанған(мектеп аттестацияға түспеді, сондықтан тест тапсырмады)65% -дан 79 % -ға дейінгі респонденттеркөрсетілетінбілімберуқызметтерініңдеңгейінеқанағаттанған50 % -дан 64 % -ға дейінгі респонденттеркөрсетілетінбілімберуқызметтерініңдеңгейінеқанағаттанған50 % -дан төменреспонденттеркөрсетілетінбілімберуқызметтерініңдеңгейінеқанағаттанғанПедагогтердің сауалнама нәтижелерін талдау80 % -дан 100% -ға дейінгіреспонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанған65% -дан 79 % -ға дейінгіреспонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанған50 % -дан 64 % -ға дейінгіреспонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанған50 %-дан төмен респонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанғанАта-аналардың (заңды өкілдер) сауалнама нәтижелерін талдау80 % -дан 100%-ға дейінгі респонденттер білім алушылардың дайындық деңгейіне қанағаттанған65% -дан 79 % -ға дейінгі респонденттер білім алушылардың дайындық деңгейіне қанағаттанған50 % -дан 64 % -ға дейінгі респонденттер білім алушылардың дайындық деңгейіне қанағаттанған50 %-дан төмен респонденттер білім алушылардың дайындық деңгейіне қанағаттанған





Мектеп директоры:                            Салманов Искакбек Түзелбаевич
]]>
admin Sat, 15 Jul 2023 12:50:19 +0600
Әлеуметтік педагогтің жұмысы http://zhandosov-nura.mektebi.kz/139-leumettk-pedagogt-zhmysy.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/139-leumettk-pedagogt-zhmysy.html «О.Жандосов атындағы орта мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагогтың атқарылған жұмыстарға сараптамасы


2022-2023 оқу жылына арналған мектептің әлеуметтік картасы


Әлеуметтік санаттар

     Саны


Барлық оқушылар

493

1.

Толық отбасылар

519

2.

Толық емес отбасылар

26

4.

Әкесі жоқ балалар

3/6

5.

Көп балалы отбасы

228

6.

Аз қамтамасыз етілген отбасы

68

8.

Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

3/3

9.

Азаматтығы жоқ білім алушылар

4/4


Ыстық тамақ

Әлеуметтік мәртебесіне сәйкес жалпыға бірдей білім беру( ЖББ) қоры есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен 125 бала қамтылды.

 Оның ішінде: 

1-4 сынып оқитын бала саны 93 

5-7 сынып оқитын бала саны 32

Сонымен қоса жалгер есебінен 15 бала тамақпен қамтылды.


Қаңтар айында ыстық тамақ ішетін оқушылар қайта реттеліп. Әлеуметтік жағдайына байланысты өзгертілген бала саны:

1-4 сынып оқушылар саны 91

5-7 сынып оқушылар саны 34 

 Сонымен қатар жалгер есебінен 20 бала қамтылды.


 

ЖББ қоры есебінен қаржылай көмек көрсетілген оқушылар саны

Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 37 мың тг көлеміндегі ақшалай қаражатқа жалпы саны 35 бала ұсынылды және Дәл осындай қосымша тізім сұралып оған тағы 6 бала жіберіліп оларда  ақшалай қаражатты алды. Және сол алған оқушылардың ата-аналарынан қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат жиналды.


«Мектепке жол акциясы»

2022-2023 оқу жылының басталуы «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық акциясымен бірге» деген ұранмен, әр ай сайын балалрға кеңсе тауарлары үлестіріліп отырды. Жалпы саны 11 баланы құрады 

Олар:

  1. Көп баллалы ана және үйден оқитын 7«Ә»сынып оқушысы Сламжан Ұлбосын
  2. Аз қамтылған 2 «А» сынып оқушысы  Жұмабек Мұқағали
  3. Көп балалы отбасы 4 «А» сынып оқушысы Жанболатұлы Қазбыбек
  4. Өгей әкесімен тәрбиеленіп жатқан 3 «А» сынып оқушысы Лахаб  Айзере
  5.  Көп балалы отбасынан шыққан 2 «ә» сынып оқушысы Қалбек Бекжанға,
  6. Көп балалы отбасынан шыққан 4 «б» сынып оқушысы Айджан Аяжанға 
  7. Аз қамтылған 4«А» сынып оқушысы Кеңес Нүркенге
  8. Аз қамтылған 3 «ә» сынып оқушысы Тұрсынбай Ерәділге
  9. Аз қамтылған 3 «А» сынып оқушысы  Али Айым
  10. Көп балалы отбасынан шыққан   3 «Ә» сынып оқушысы Серік Аянға


Кеңсе тауарлары

Саны

1

Сурет дәптер 

1 дана

2

Жәй дәптер 

10 дана

3

Өшіргіш 

1 дана

4

Сызғыш

1 дана

5

Түрлі түсті қағаздар

1 дана

6

Клей

1 дана



  1.  9«А»сынып оқушысы Чаймерден Бақкелдіге кәсіпкер  Бауыржан Түзелбайұлының демеушілігімен спорттық киім берілді. Спорттық кйім өте сапалы әрі жылы. Шалбары мен үстіне киетін күртесі берілді.
]]>
admin Sat, 15 Jul 2023 12:47:48 +0600
Мектеп психологтарының жұмысы http://zhandosov-nura.mektebi.kz/zn-z-baalau/138-mektep-psihologtaryny-zhmysy.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/zn-z-baalau/138-mektep-psihologtaryny-zhmysy.html «Алматы облысы білім басқармасының
                       Еңбекшіқазақ ауданы  бойынша   білім  бөлімі»
                                              мемлекеттік мекемесінің
                «О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат»КММ





Педагог-психологтың 2022-2023  оқу
                       жылына  жүргізілген  жұмыстары
                                   туралы  жылдық  есеп













                                 Педагог-психолог: Калиаждарова Б.
                                                                        Акылова С.



Ораз  Жандосов орта мектеп-интернат бойынша психологиялық қызмет іс-әрекетінің –жылдық жұмыстарының негізінде оқу жылының басында 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық іс-шара жоспары бекітілді.Іс-шара жоспарындағылар жоғарыда келтірілген мәлімет бойынша әр айға  және аптаға атқарылатын жұмыстарға бөлінді.Оқу жылының басында мектепшілік тізімге алу жұмыстары жүргізілді.Мұнда оқушылардың отбасы әлеуметтік-психологиялық ахуалы мен әлеуметтік сапасына мән берілді.Оқушылардың педагогикалық-психологиялық жеке карталары толтырылды.
 Қыркүйек айында  1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі туралы анықтама
 Мақсаты:

Оқушылардың психо-эмоциялдық көңіл –күйін,отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын,зейінін шоғырландыруын,үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсінділігін диагностикалау.
 Міндеттері:

  • «Мектепке келгендегі оқу қабілетін зерттеу»
     Оқушылардың эмоциялдық жағдайын бақылау;
     Балалардың оқу мотивациясыен анықтау;
     Оқушыныңүзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігі,құрбылармен қарым-қатынасын бақылау;
  • Ата-ананың қаналықты дәрежеде балаға көмектесуін анықтау
     
     

Мектебізде  2022-2023 оқу жылында  1 «а»,   22 оқушы, 1«ә»сыныбында  22оқушы бар.
 Оқушылар мектеп міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.Күн тәртібінің орындалуы,мектеп  формасының сақталуы жақсы жағдайда.
 Сынып жетекшісі : Маметалиева Күлбүбі,Канаева Шолпан. Оқушыларымен сынып жетекшілерінің  қарым-қатынасы жақсы деңгейде,оқушылар сабаққа жақсы деңгейде келеді.Сынып жетекшісі оқушымен топпен де, жеке де,жалпылама да жұмыстар жасайды.Сынып жетекшілері  сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда,оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік  жаттығу,сабақ барысында сергіту жаттығуларын жүргізеді.Ата-ана тарапынан да үйде қадағалау бар.
 Оқушылардан Керн-Йерасек тесті алынды.Оқушыларға үш тапсырма
 берілді. «Ер адамның суретін салу», «Сөздерді көшіру», «Нүктелерді көшір»деген тапсырмалар берілді.Жалпы сыныптың бейімделуі жақсы. 


Мектепке психологиялық дайындығы,бейімделуі жоғары

Мектепке психологиялық дайындығы орта

Мектепке психологиялық дайындығы жеткіліксіз

1«а»сыныбында 22оқушы бар

45%

41%

14%

1«ә»сыныбында 22оқушы бар

45%

40%

15%





.
 
 

 

2022-2023 оқу   жылы   басында  сынып   жетекшілермен  семинар  өткізіліп, ерекше  назар аударуды  қажет   ететін, «тәуекел тобына»   жататын  оқушыларды  анықтау   туралы  нұсқау  берілді.Осы   семинарда 1,5,10сынып   жетекшілерімен  бейімделу  үшін   жүргізілетін  іс  -шаралар   талқыланып ,бекітілді.Гугл  форма арқылы сынып  жетекшілерден  сауалнама   алынды
  5 а,ә сынып  жетекшілерімен  оқушыларға   диагностика  жасау  , кеңес   беру,жекелеген  жұмыс  ұйымдастыру   жайлы  кеңестер  беріліп, диагностикалық  әдістер   ұсынылды   
Қыркүйек айында  5 А, 5 Ә сынып оқушылары арасында « Құпия дос» психологиялық ойыны жүргізілді. Ойынның мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера орнату.Ойын барысында оқушылар бір- біріне деген сенімділік, жанашырлық, ұйымшылдық, сынып арасындағы сүйіспеншілік арта түсті. Бұл ойын оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылар сыйлық беру арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамыта білді. 

5 А, 5 Ә сынып оқушыларынан сонымен   қатар  Г. Айзенктің темпераментті анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша төмендегідей көрсеткіштер  көрсетті:

5 А сыныбы                               5 Ә сыныбы                          

Сангвиник -8                               Сангвиник -7                         

Меланхолик – 1                           Меланхолик – 2 Флегматик -10

                                                      Санг. флегматик – 1                     

5-сынып  оқушыларымен   “ Менің  құндылықтарым “,   “Кактус”,   “Психогеометриялық   экспресс  талдау “әдістемелерін  қолдану   арқылы  зерттеулер  жүргізілді.Зерттеу  нәтижелері   төмендегідей  көрсеткіш  көрсетті:Менің  құндылығым   әдістемесі бойынша  қатысқан  16   оқушының 5-уі   жақсы  білімді   басты құндылық  деп  санаса,4-уі   жақсы  денсаулықты  басты   құндылық   деп  есептейді.2-уі басты  құндылық    өнер  деп  санаса,4-уі   мемлекеттің  қал  ахуалы   басты  құндылық  деп   есептейді. Бесінші сынып оқушыларынан « Социометрия» методикасы алынды.Мақсаты: Сынып  оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу,оқшауланған  оқушыларды   анықтау. Сонымен қатар  5 А, 5 Ә сынып оқушыларынан Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тест алынды. Тест қорытындысы бойынша:

5 А сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 69 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 27 % ;

Мақсатқа жетудегі фрустрация 4%

5 Ә  сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 77 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 23 % ;



Лусканов сауалнамасы гугл формада   алынып,нәтиже  бойынша  оқушылармен   түзету  жұмыстары  жүргізілді


 

11 а  сынып   оқушыларымен  «ҰБТ- ға  күйзеліссіз   дайындық!»  атты   топтық   жұмыс  жүргізіліп,  оқушыларға   кеңестер  берілді

Қазан айында мектеп алды даярлық  тобы оқушыларынан тапсырмалар алынды.Мақсаты :оқушылардың логикалық ой лаулары мен сабаққа деген белсенділігін анықтау болды.

Қорытынды:
 
Сабақ барысында оқушылардан «Нүктелерді қос», «Мектеп саған ұнайма?»,
 «Сандарды көшір»т.б сұрақ ,әдіс –тәсілдер алынды.Оқушылардың мектепке бейімделулері қалыпты.Сабаққа жалпы барлығы атсалысып отырды.Мектепке өз еріктерімен келеді.Белсенділігімен ерекше көзге түскен оқушылар:Сұлтан Елдар,Серік Асылжан,Нұрсұлтан Жансерік,Молдахмет Абдурахман,Құдиярбек Раяна,Жанболат Фатима,Нұрқасым Асылай,Кенаған Исламбол,Мұратбек Фариза,Тоғанбай Мерген,Жүнісахын Каусар сабаққа белсенділіктері жақсы.

Қазан айында 3сынып оқушыларынан зейінділікті анықтау мақсатында «Мюнстерберг»әдістемесі алынды.Зейіннің танымалдылығын және кедергілерге көңіл аудармай іс-әрекетін тиянақты орындау ,әріптер арасындағы жасырынып тұрған сөздерді тауып,астын сызу керек.Оқушылардың көпшілігі тапты,орындай алды. «Өзін-өзі бағалау»әдістемесі алынды.Мақсаты :баланың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.берілген шеңбер ішіне қалаған жеріне   «Мен» деп жазу керек.

 Қатысқан оқушы саны-23

Жоғарғы           

деңгей-9

   Орташа 

деңгей-12

 Өзіндік бағалауы төмен-4 


«10-11 сынып   оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес   мінез –құлығында болатын   өзгерістер» тақырыбында 10-11 сынып   жетекшілерімен  пікір  -алмасып   , әңгіме  жүргізілді..9-11 сынып  оқушыларымен «Қарым –қатынасты дамыту жаттығулары »  жүргізіліп,жағымды  қарым   -қатынас   орнату    дағдылары   қалыптастырылды


Тақырыбы: «Оқушылардың 1- сыныпқа бейімделу жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Қатысқандар:  1- сынып жетекшілері, ата- аналар.

Күн тәртібінде:  

  1. 1 - сынып ата-аналарына сынып жетекшілермен пән мұғалімдеріне кеңес беру.
  2. Оқушылардың 1-  бейімделу тақырыбында ақпарат беру.
  3. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру.


Тыңдалды:

Бірінші   мәселе  бойынша мектеп психологы С.Н.Акылова  ата-аналарға презентация көрсетті. Презентацияда 1- сыныпқа бейімделуде баланың психикалық жағдайлары туралы сөз айтылды.


  1. Ақпарат қанағатты деп табылды.
  2. Оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс нығайтуға тырысамын.




 

3 сынып оқушыларымен «Мен және менің сыныбым»тренинг өткізілді.Оқушылар тренингке жақсы қатысып,сыныпта бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынаста араласады.

Қараша  айына   құрылған  жоспарға  сәйкес   психологиялық қызмет   төмендегідей  жұмыстар  атқарды:                                                                                                                                                               

11 а,ә сынып   оқушылармен  «Көпір»  жаттығуы  өткізілді.                                                      Жаттығуды  өткізудің  мақсаты :   адам  тағдырында ,өмір  жолында   кездескен қуаныш  пен  қайғы ,реніш   пен  бақыт ,сезімдерінің  өмір   жолын  жүріп  өтуде   адам  үшін әсерін  түсіндіру.ҰБТ тапсыру  барысында  жағымды- жағымсыз  сезім   өрістерін  басқаруға  дайындау. Қорытынды  барысында    , оқушылар  жаттығудан  алған   әсерімен  ой  бөлісті.Оқушылар  жағымды   сөз, жағымды  ойдың  адамның   сеніміне әсер  ететініне  көздері   жеткенін  , ниет тазалығының  маңыздылығын   түсінгендерін  айтты.                                  13 қараша мен 17 қараша аралығында 6 сынып оқушыларынан    А.Б. Либиннің  геометриялық пішіндерді  қолдану  арқылы адам   бейнесін  құрау  тесті   алынып, нәтижесі   өңделіп,оқушылардың   жеке-дара  ерекшеліктері  айқындалды.   Сонымен  бірге  осы   аптаның  ішінде    8 және 11 сынып  оқушыларынантемпераментті  анықтауға   арналған  сауалнама  алынды.Нәтижесі  талданып,қортындыланды.Бірақ  оқушылардың   басым  бөлігінің  параметрлері   айқындалмағандықтан  , біраз  уақыт   өткеннен  кейін,Айзенктің темпераментті  анықтауға арналаған  тестін   алып, нақтылау  жоспарланды. Желтоқсан  айында  қсы   анықталған  оқушылармен  қайта   сауалнама  жүргізіледі.                                                                                                                  20 қараша   мен  24 қараша  аралығында   5 сынып  оқушыларының  пәндерге   қызығушылығы мен  бейімделуін  анықтау   мақсатында  сауалнама  алынды.Нәтижесі  өңделіп , қорытынды  жасалды.Сол   сияқтыкәмелетке   толмағандар арасында  орын  алатын суицидалды  жағдайлардың   алдын  алу  мақсатында   8,9,11 сынып  оқушыларынан  «Аяқталмаған  сөйлемдер»  әдісі   бойынша  олардағы  суицидалды   мінез  -құлықтың  деңгейі   анықталды.Оқушылармен   жекелеген  әңгіме  жүргізіліп, кеңес  берілді.                           8ә сынып  оқушыларымен «Қатыгездіксіз,  зорлық-қомбылықсыз балалық  шақ!»  атты   тренинг  жұмысы  жүргізілді.Оқушыларға  зорлық   -зомбылықтың  түрлері ,туындау  себептері  жайлы   презентация арқылы   таныстырылып,  өздерінің  осы   тақырып  бойынша  ой-пікірлері   тыңдалды. Оқушылар  шамалары  келгенінше «Өмірдің  мәні  неде ?», «Жағымсыз  әдет,  мінез   -құлықпен  күресу  жолдары»,«Біз   зорлық   -зомбылыққа  қарсымыз !»  деген   тақырыптар  бойынша  өз ойларын   ортаға  салып  , мінездегі   мінді  түзеуді  әркім   өзінен  бастау  керек екенін , басқа  адамдарға  тіпті   әзілмен  де ,келеңсіз  жағдайда   қалатындай  әрекетке  бармау   керек екенінтүсінді.Оқушылар   бағалы  құндылық  «адам   өмірі »  деген  тұжырымға   келді. Осы аталған  күні   6б сыныбының   ата-аналарымен «Зорлық  -зомбылықсыз балалық  шақ! »   тақырыбында  баяндама  оқылып, ата-аналармен  оқушыларды   жанына ,тәніне  жарақат  салмай   жазалау  мәселелері  жайлы   ой  бөлісті.Ата –аналарға  балалардың   құқықтарының  отбасында  қандай   жағдайларда  бұзылатыны  жайлы   ақпарат  берілді.                                                                                                     Зорлық  -зомбылыққа   қарсы  күреске  байланысты   өткізілген іс-шаралар есебі   ауданға  өткізілді.Ерекше  назар аударуды  қажет   ететін  оқушыларға  ешқай   сынып  жетекші  сұраныс  берген   жоқ.Дегенменде  өзім  сырттай   бақылап,  жеке  жұмыс   жүргізіп  жүрген  оқушылар   бар. Сынып  жетекшілер  әлі   де  болса  сұраныс   берулеріңізге   болады.Сұраныспен  бірге  өздеріңіздің   аталған  оқушыларыңызбен ,ата-аналарымен   жүргізген  осы  уақытқа  дейінгі   жұмыстарыңызды   көрсетесіздер.Ата-анасының   рұқсатын  аласыздар.Ата-аналармен ағарту  жұмыстары  жүргізілуде. Жеке  кеңеске   келетін  біраз  ата-аналар   бар, сұраныс  -талаптарына  сай   жұмыстар  жүргізіледі..  Оқушыларды   ҰБТ-ға ,БЖСБ-ға  психологиялық  дайындау   мақсатында  жоспарға  сәйкес   жұмыстар   жүргізілуде.Оқушылардың   қажеттілігіне  қарай, жаттығулар  жүргізіліп, кеңес  беріп   отырамын.Желтоқсан  айына   арналған  жоспарға  сәйкес   жұмыстар  жүргізілді. Диагностикалау   бағытында   10-11 сыныпта  Айзенктің   темпераментті  анықтау тесті ,9-11 сынып  оқушыларымен  жеке   тұлғаның  кәсіптік  бейімделуін   анықтауға  арналған Дж.Голланд  тесті, Голомштоктың      «Қызығушылықтарды  анықтау»   сауалнамалары  алынып  өңделіп,жекелеген  жұмыстар   жүргізіліп  отырды.ҰБТ-ға  дайындық   барысында  оқушылардың  қорқыныш   сезімін  анықтау  барысында   «Әлемде  жоқ жануар » проективтік  тесті  алынды. 9-11 сынып  оқушыларымен    «Стресстің  алдын алу»  тренингі жүргізіліп,күйзелістің  зияны   сақтану  жолдары жайлы  мәлімет берілді. 8 а сынып  оқушыларымен   «Өмір  ,қымбатсың   маған!» тақырыбында   психологиялық сабақ  өткізілді


Қорытынды. Мектеп ұжымы, әкімшілік, сынып жетекші, ата-аналармен бірлескен жұмысының нәтижесінде мектеп  оқушыларының  өмірге деген құштарлығы мен қызығушылықтары  жоғары деңгейде.  

Мақсаты: оқушылардың ҰБТ- ға психологиялық даярлығын қалыптастыру.

Тренинг- сабақ 3 бөлімнен өтті. Оқушылар ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін- өзі бақылауды дамытты. Жаттығу барысында оқушылар күш қуатын арттырды. Тренинг сабақтан оқушылар мобильдік тез қабылдағыштық, жоғары дәрежедегі зейінді шоғырландыруды үйренді. Ең маңыздысы «Жаңа  форматты –ҰБТ» жайында ой қалыптастырды. 11 А,11Ә сынып оқушыларымен реактивті және тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтау ( Ч.Д. Спилбергер- Ю.Л. Ханин) психодиагностикасы   жүргізіліп  өңделді.                                                                                                                              

Оқушылардан «Алаңдаушылық  деңгейі» сауалнамасы  алынды.Мандала  терапиясы   бойынша  жұмыстар  жүргізілді.Ата-аналар  жиналысында   «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы   кезінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету». тақырыбында   презентация  жасадым

Оқушылармен  жаттығулар , жеке  әңгімелер  жүргізіліп   отырады.9-10 сынып  оқушыларымен рухани  жаңғыру  аясында    «Ұлт  руханияты-ұрпаққа аманат » атты дөңгелек  үстел  болып   өтті.Дөңгелек үстел  басында  ұлт ,ел болашағы үшін маңызды  мәселелер   талқыланып, рухани   құндылықтарымызды сақтаудағы   бүгінгі  ұрпақ  міндеттері   талқыланып ,қортындыланды.Қатысушылар «Massaget.кz» жастар  порталының   арнайы  ашық  хаттарымен   марапатталды.


Қараша айында 4сынып оқушыларымен ОЖСБ туралы түсіндірме жұмыстарымен таныстырылым болды.
 Оқушылардан  пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында «Түймедақ »әдістемесін алдым.Ұнайтын,ұнамайтын,қиналатын пәндерін  оқушылар үш түске түймедақты бояу арқылы жеткізді.Және сынып жетекшіге ескертіліп,қадағалауын  жеткіздім.


 Үлгерімі төмен оқушылардың оқу мотивациясына деген көзқарасын анықтау мақсатында «Лусканов »сауалнамасын алдым.Диагностика әр үлгерімі төмен балаға жүргізілді.
 Қараша айында 2-3сынып оқушылармен таным процестері не диагностика жүргіздім.
 3-сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау» тестін яғни тұлға өзін-өзі бағалайды.
 2-сынып  оқушыларынан «10 сөзді жаттау»әдістемесі арқылы есте сақтау қабілеттерін,өз зейінін ұзақ уақыт жинақтай алуы.Оқушыларға сөздерді алдымен мұқият оқып,артынан есте қалған сөздерді сұрадым.Барлық бала қалыпты жағдайда естерінде сақтай алды,мұқият орындады.
 «Менің құнды қасиеттерім» сауалнамасын 4-сынып оқушылар арасында жүргіздім. Оқушылар өздері жайы бойларындағы жақсы қасиеттерін жақсы пікірде жеткізді.
 «Менің отбасым»проективтік тест арқылы бастауыш сыныптардың барлығынан  алдым.Мақсаты. отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау,отбасы мүшелерін салу арқылы отбасындағы қалыптасқан қарым-қатынасты баланың қалай бағалайтынын,мазасызануын анықтадым. 

4-сынып оқушыларымен  түзету коррекциялық жұмыс жүргізу. Бейімделу кезінде қиналған оқушыларға психологиялық көмек беру
 4 «а»,4 «ә»,4 «б» сыныптарынан   Н.Г.Лусканов сауалнамасы алынды.
 Сауалнама қорытындысы бойынша келесі нәтижені көре аламыз:

● 65% оқушыларының әлеуметті психологиялық деңгейі жоғары.

● 35% оқушыларының әлеуметті психологиялық деңгейі орташа.
 
 

Н.Г.Лусканов сауалнамасы бойынша оқушылардың оқуға деген мотивациясы анықталды.


Жалпы сауалнама 10 сұрақтан тұрады. Оқушылар әрбір сұраққа сөздерінің дұрыс жауаптарын жазды.

 Нәтиже:

«Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?» сұрағына 100% оқушылар «ұнайды», «мектепте өте қызықты»-деп жауап берді. Сауалмана нәтижесінде сыныптың бір-бірімен тату, ұйымшыл екендігі байқалды. Сыныптың психологиялық ахуалы жақсы.  Барлық оқушыла достармен, ұстаздармен  қарым-қатынасы жақсы екені байқалды.


 .


Аудандық  семинарда «Мен  жаңашыл  мұғаліммін » тренинг жаттығу  жүргіздім.Аудан  мұғалімдері   белсене  қатысып,  жаңа   бағдарламаның  тиімді  және   тағы  басқа қырларын  қызу талқылады.

 


 Бала зейінінің ырықтылығын және кеңістіктегі қабылдауын зерттеу мақсатында 3-сынып оқушыларынан Гуткина әдістемесін қолдандым.
 4-сынып оқушыларынан темперамент типін анықтау үшін тест алдым.Және әр балаға жеке зерттеулер жүргіздім. «Сіз қандай ата-анасыз?»ата-ана жиналыстарына қатысып,сауалнама жүргіздім.
 



Наурыз айында оқушылардың жылдам ойлай білуін диагностикалау үшін «Анаграмма шешу»психологиялық тапсырма алдым.Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интелектуалдық қабілеттерін  дамыту.Оқушыларға алдымен анаграмма не екенін түсіндіру,орны ауысқан әріптерді орнына қойып шығу керек екені айтылды.

Жақсы деңгейде оқушылар орындады.Жеке оқушылармен жұмыстар жүргізілді.
 Мамыр айында МАД тобының бірінші сыныпқа даярлығын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық үрлістің төмен деңгейде болуынан төмендейді.Сол себепті оқушылардың танымдық процестерін зерттеу жұмыстары алынды.Жыл басындағы зерттеумен салыстырғанда оқушылардың оқуға деген көзқарастарыжақсы, өз ойларын ашық айта алады.Тапсырмаларды түсініп орындайды. «Есте сақта», «Сұрақтар бойынша әңгіме», «Қатені тап»сияқты тапсырмалар алынды.
 Мамыр айында жалпылама жұмыстарға қортындылау жүргізілді.
 

Ата-аналар арасындағы «Стакан мұнарасы» тренингі.Ата-аналар арасында ауызбіршілік,ынтымақтастық  ортату.Мұғалім,ата-ана,оқушы болып бірлесе жұмыс жасау.


  Шар үрлеу,жару  арқылы ата-аналар бойларындағы ашуларын шығару



Әдемі есімдері арқылы өздерін  таныстыру-2сынып ата-аналары

2022-2023 оқу  жылында   психологтардың    мектеп  оқушыларымен   ауто-деструктивті  мінез – құлық, және оның алдын алу  жұмыстары   жоспарына   сәйкес  жүргізген  жұмыстарының   есебі.

Мектебімізде 2022-2023 оқу  жылының І тоқсанның аяғында   494  оқушы    болды.Жоспарға  сәйкес  қыркүйек  айында   9-10-11 сынып  оқушыларынан  суицидтік   мінез-құлықты анықтау, алдын алу   мақсатында  сауалнамалар  алынды.Сауалнамаға  аталған   сыныптар  бойынша  71   оқушының  68-і  қатысты.   Денсаулығына  байланысты  3-оқушы   қатыса  алмады.Алынған сауалнамалар  өңделіп   ,нәтижесінде  аталған сыныптар  бойынша  бейім   оқушылар   анықталмады.Қыркүйек  айынығ  25-де   мектебімізде  жалпы  ата-аналар   жиналысы  болып  өтті.Осы   ата –ана  жиналысында  ата-аналармен   «Тәртіптің  ең  тамаша мектебі-отбасы !»  тренинг жұмысын  жүргіздім.Бұл   тренингтің  мақсаты: ата-ана  мен   бала  арасындағы  қарым –қатынасты  жақсартуға   мотивация  қалыптастыру.Тренинг көпшілік  көңілінен  шықты. Ата-аналар  өздеріне қажетті  ақпараттты   алды Қазан  айында   жоспарға  сәйкес   8 а,ә сынып   оқушыларынан  «Мен,өмірді сүйемін! »  тақырыбында  шығарма алынды .8а  сыныбынан   18 оқушы  қатысып, өз ой –пікірлерін  білдірген. Екі  оқушы   шығарма  барысында ,осы  тақырып   бойынша  жеке  сөйлесуді   қажет ететіні  анықталып ,жеке  әңгіме  жүргізілді.8ә сыныбынан  13 бала   шығарма  жазды.Шығарма барысында  барлық  оқушылардың   өмірге  көзқарастары  дұрыс   бағытта екені   анықталды.Мектебімізде   сонымен  қатар  «Сенім  жәшігі »   арқылы  оқушылар  өздерін   мазалайтын  сұрақтары, ұсыныстары  жайлы  пікір  білдіріп   тұрады.Хаттар  тіркеліп, мазмұнына  сәйкес  түсінік   жұмыстары  жүргізіліп отырады.Ағарту –түзету ,білімін   жетілдіру  бағытында  жоспарға   сәйкес  әр  тоқсанда   оқушылармен  «Мен ,өмірді сүйемін!»  тақырыбында  іс-шаралар   жүргізіледі. Соған  сәйкес 1-қараша  күні 6ә сыныбы оқушыларымен  осы  «Мен ,өмірді сүйемін!» тақырыбында  тренинг   жұмысы  жүргізілді.Оқушылар  3 топқа   бөлініп  жұмыс  жасады,ой   пікірлерін  ортаға  салып, тренинг  барысында   көптеген  ақпарат  алмаса   алды.Іс –шара  барысында  оқушылардың   өмірге  оң  көзқараста   екені айқындалды.2 қараша   күні  5 «а»  сынып   оқушыларымен  осы  тақырыпта   тренинг  жұмысы  жүргізіледі.8-11 сыныптарынан аяқталмаған сөйлемдер  әдістемесі  арқылы сауаланамалар  алынып,нәтижесі  бойынша   жұмыстар  жүргізілді.Жалпы  жоспарға   сәйкес жұмыстар алдағы   уақытта  да  атқарылып   отырады.                                                                                     

Әр  тоқсан   сайын  білім  сапасы    төмен сыныптардың   көрсеткіштері  ұжым  мүшелерімен   талқыланып ,жан  -жақты  іс   -шаралар  жоспары  жасалынып ,түрлі  бағытта   жұмыстар  жүргізілді. Мектеп   психологтары   да өз  кезегінде  жоспарға   сәйкес  біршама  жұмыс -тар   жүргізді.Сапа көрсеткішінің   төмен  болу  себептеріне   зерттеулер  жүр-гізе  отырып    оқушыларға  психологиялық  сүйемелдеу   жасалды.Жұмыс  төмендегі  бағыттар    бойынша  жүргізілді:  

Зерттеу жұмыстары:                                                                                                      

*Бақылау                                                                                                                      *Сауалнама  жүргізу                                                                                                            *Суретті тест                                                                                                                                       *Зейін ,еске сақтау,ойлау қабілетін анықтау.                                                              *Тренинг  жаттығулары

 Әр  сынып оқушыларымен тренинг-ойындар жүргізе отырып ,әр оқушының  сыныптағы  орнымен   таныстық.Сабақта ,сабақтан тыс іс-шаралар үстінде оқушыларға бақылау жүргізілді.                                                                                                                                                  Оқуға қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама .                                     Мақсаты-оқушылардың оқу әрекетінде не қызықтыратындығын анықтау.                               Өз таңдауыңның астын сыз. Оқуға деген өзіңнің қызығушылықтарыңды көрсет.                                                                                                                            Мектепте оқу себебім сауалнама алынды.

Жауаптары сұрыптап, қорытылды.                                                                                                                        Берілген мәліметтерді қорыту кестесі.                                                                                                    Оқу әрекетіндегі қызығушылық

                                           Оның ішінде

Оқушылардың       саны

Жай ғана қызықты

Ақылды болғым келеді

Бестік баға алғым келеді


Өмір сүруге жеңіл болады

Ата-анам талап етеді

Барлығы оқиды

Мұғалім ұнайды

Оқу ұнайды

Сауатты болғым келеді

Пайдалы азамат боламын

Ой дүниемді кеңейткім келеді

Жақсы білімге қол жеткізгім келеді

Өз бетімше жұмыс істеуге үйренем

Менің парызым


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

191

25

65

56

106

62

25

58

71

115

45

112

74

85

132

Сауалнама  қорытындысы бойынша оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылығы негізінен-өмір  сүруге жеңіл  болады  және   сауатты  ,ақылды болу және басым  бөлігі  оқу   менің  парызым  деп   санайды .Жалпы оқу     ұнайды, мұғалімді де ұнататын оқушылар бар.Өзінің қызығушылығын ашып айта алмаған оқушылар да болды.Оқушылардың белсенділігін арттыратын,ынталануына әсері бар тренинг жаттығулары  жүргізілді                . «Өз жұбыңды тап», «Адамгершілік қасиеттеріңді ата», «Менің  артықшылығым» т.б  жаттығулар  жүргізілді.                                                                                                                  Сыныптағы  оқушылардың  қарым   -қатынас  дәрежесін  анықтау    мақсатында төмендегі  сұрақтар  төңірегінде   сауалнама  жүргізілді.                                                                                     1.Егер  саған   6 күндік  сапарға  жолдама   беріліп, өзіңнің  қалаған  сыныптасыңды   өзіңмен  бірге  алуыңа   рұқсат  етілген  жағдайда кімдермен  бірге   барар  едің?                                                                                                       2.Өзіңнің  құпияңды   кіммен  бөлісер  едің?                                                                  3.Концертке  кіммен  барар   едің?                                                                                                   4.Сынып  жетекші   рөлінде  болсаң , басқа сыныпқа  кімнің  ауысқанын   қалар  едің? –деген  сұрақтар   төңірегінде  оқушылардың  ой   пікірлері анықталып ,нәтижесі  бойынша  сыныптағы   көшбасшы  және  оқшауланған оқушылар  анықталды.Және  аталған   оқушылармен  жеке  жұмыстар   жүргізілді. Оқушылардың   білім  сапасына  олардың   сынып  жетекшісімен  және пән   мұғалімдерімен    қарым  -қатынасының   да  әсері  жоғары   болатынын  ескере  отырып «Менің  сыныбым   және  сынып  жетекшім» деген  тақырыпта   8а  сыныбынан  шығарма   алынды.Шығарма  барысында  сынып   оқушылары  сынып  жетекшілеріне   жағымды  көзқараста , сынып  жетекшінің   біліміне  ,жалпы оқушылармен қарым- қатынасына  көңілдері  толатынын,ағайларының  жас   болуына  байланысты  кей   кездерде  құрдастары  сияқты   қарым- қатынас  жасайтын  сәттері де   болатынын,бірақ  сынып  жетекшілерінің  ауысқанын   қаламайтындықтарын   көрсеткен.                        Оқушылардың  пән  мұғалімдерімен  қарым  -қатынасын  анықтау мақсатында  5-9 сынып   оқушыларынан  жасырын  сауалнама алынып ,нәтижесі өңделіп,педкеңесте  мұғалімдерге  сауалнама   нәтижесі  бойынша  кеңес   берілді.                                                                                                             Сауалнама  төмендегі   бағыт  бойынша  жүргізілді.                                                                                                              1-  бөлім:Оқушылардың  пәндерге көзқарасын  анықтау   бағытында болды  ең сүйікті, өте қызық, ұнайды, мен үшін  қиын, болмаса қуанамын деген  жауаптар   арқылы  пәнге  қызығушылық   деңгейі  анықталды.                                                                                                                       2-бөлім:Оқыту  сапасы   қандай ? деген  сұраққа  жауаптар   пәндер  бойынша  мұғалім  шебер, қызықты  өтеді, асыға күтемін, уақыт босқа  өтеді, басқа мұғалім  берсе  деген жауап  нұсқалары бойынша  пән   мұғаліміне  көзқарастары  анықталды.                                                                                    3-бөлім: Мұғаліммен  қарым –қатынас  деңгейін   анықтау  бағытында  болды мәдениетті,сыпайы, үлгі тұтамын, дөрекі, тіл  табысу қиын, оқушылар  басынып алған деген  жауап   нұсқалары  арқылы  мұғалім –оқушы  арасындағы   қарым  -қатынас  деңгейі   анықталды.Осы  сауалнама  негізінде   оқушылардың  пәнге  деген ,пән   мұғалімдеріне  деген  көзқарас-тарының  әр   түрлілігі    байқалды.Әр пән  мұғалімдеріне   нәтиже  таныстырылып,кеткен  кемшіліктер   бойынша  жұмыс  жүргізуге   ұсыныс  жасалды.Оқу  пәндері   мен  пән  мұғалімдерінің  оқушының   көңіл  -күйіне  тигізетін   әсерін  анықтау  мақсатында оқушыларға  өздері   оқитын  пәндердің  атын   жазып ,оған  аталған  пәнді   естігенде және ойлағанда   қандай  ассоцация  болатынын   жаз  деген нұсқау  беріле   отырып ,оқушылар дың  көзқарастарын  нақтылау жаттығуы  жүргізілді.Бұл  тапсырманы   оқушылар  қызыға  орындады .Әрі   теңеулер  де  әр   түрлі  болды.                                                                                                                                    Үлгермеушілікті  болдырмау   бағытында  ата –аналарменде  әр түрлі   іс  -шаралар  жүргізілді.. 5сынып  ата –аналарымен  «Жемістер » жаттығу ойыны  жүргізіліп,бала  тәрбиесіне   қажетті  кеңестер  берілді.8сынып  ата-аналарымен  жиналыста   «Қатыгездіксіз, зорлық  -зомбылықсыз –жасөспірімдік шақ» -атты  баяндама  жасалынып, «Ашулы  шарлар » жаттығуы  арқылы  ашудың   кері  әсері  түсіндіріліп, жағымды  қарым-қатынас   орнатудың  қағидалары  таныстырылды..Ата-аналарға «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жадынама таратылды.                                                                                                                        Жадынама
 1 - қателік :«Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін» 
 2 – қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір» 
 3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын» 
 4 - қателік :Балаларды тым еркелету; 
 5 – қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» 
 6 – қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету; 
 7 – қателік: Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау; 

Оқушылардың  зейінін  анықтау   барысында «Мюнстерберг әдісі » жүргізіліп  сараланды.Түсінік  жұмыстары   жүргізілді.Ой  өрісін,  қабылдауын   дамытуға  бағытталған  түрлі   жаттығулар  жүргізіліп  отырды. Дегенмен  жұмыс   барысында  жіберілген  кемшіліктер   бойынша  үлгермеуші  оқушылармен   жеке  жұмыс  жүргізуге   пән  мұғалімі, сынып  жетекші   , ата-аналар  тарапынан жеке  сұраныстар   болған  жоқ.Сол  себепті   де  оқушылармен  жалпы   жұмыстар  жүргізілді.                                                                                           Қорытынды:                                                                                                                                    Сыныптардың  білім сапасының  төмен  болуына   әр  түрлі  әсер  етуші  факторлар әсер  ететіні анықталды :Ол  факторлар: баланың  танымдық   әрекетіндегі  олқылықтар, сабақты  себепсіз және  денсаулығына   байланысты  жиі  қалдыру, сыныптағы  микро климаттың  төмен   болуы, сынып  жетекшінің  немқұрайлығы,пән  мұғалімдерімен  қарым-қатынасы пәнге қызығушылықтың болмауы т.с.с.



 Мектеп психологтары: Калиаждарова Б.,Акылова С.

]]>
admin Sat, 15 Jul 2023 12:40:07 +0600
Мектеп кітапханасы http://zhandosov-nura.mektebi.kz/o-detskom-sade/mekteptk-ktaphana/137-mektep-ktaphanasy.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/o-detskom-sade/mekteptk-ktaphana/137-mektep-ktaphanasy.html





















]]>
admin Sat, 15 Jul 2023 12:36:04 +0600
Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/89-balalardy-ebekke-sanaly-kzarasyn-alyptastyru.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/89-balalardy-ebekke-sanaly-kzarasyn-alyptastyru.html
]]>
admin Fri, 24 Jun 2022 11:40:31 +0600
Мұқағали мәңгілік ғұмыр http://zhandosov-nura.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/ruhani-adamgershlk-trbie-s-sharalary/68-maali-mglk-myr.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/ruhani-adamgershlk-trbie-s-sharalary/68-maali-mglk-myr.html
]]>
admin Thu, 23 Jun 2022 11:32:32 +0600
Азаматтық патриоттық іс шаралар http://zhandosov-nura.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/azamatty-patriotty-trbie-s-sharalary/69-azamatty-patriotty-s-sharalar.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/azamatty-patriotty-trbie-s-sharalary/69-azamatty-patriotty-s-sharalar.html


]]>



]]>
admin Wed, 25 May 2022 11:18:36 +0600
педагогикалық кеңестің бұйрығы http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/136-pedagogikaly-keest-bjryy.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/136-pedagogikaly-keest-bjryy.html admin Tue, 24 May 2022 13:42:07 +0600 Медиасауаттылық http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/134-mediasauattyly.html http://zhandosov-nura.mektebi.kz/main/134-mediasauattyly.html
]]>













]]>
admin Mon, 23 May 2022 19:13:45 +0600