Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы » О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
О.Жандосов атындағы орта мектеп-интерант
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы
22
сентябрь
2021

Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы

2021 – 2022  оқу жылының 1 қыркүйек «Білім күніне» арналып 1-сыныптар үшін «Кел,балалар, оқылық!» тақырыбында санитарлық талапты сақтап, «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткіздік.Сондай-ақ,2–11-сыныптар аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері»тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Осы оқу жылы тамыз айының басында «Жасөспірім шағын ауданы» бойынша ата – аналарды зерттеу, көп балалы, тұрмысы төмен, бір әке, бір шешемен тұратын, қорғаушысы жоқ, сәтсіз отбасы балаларын анықтау үшін  рейдтер жүргізіліп, анықталды тұрмысы төмен,көп балалы,аз қамданған отбасынан шыққан балаларға арналған  «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып,демеушілер тарапынан әлеуметтік көмектер  көрсетілді. «Мектепке жол» атты республикалық акциясы аясында мектебіміздегі 10 оқушыға көмек көрсетілді.Атап айтар болсақ 1 оқушыға мектеп формасы,9 оқушыға сөмке және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. 5 қыркүйек тілдер күні мерекесіне орай  «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында 1-11 сыныптарға арналып сынып сағаттары өтіліп,тілдер күні мерекесінің құрметіне оқушылардың құттықтаулары,өлең-жырларынан бейнеролик дайындалып ауданға жіберілді. Сонымен қатар «Отбасы-мектеп» жобасы аясында  6 қыркүйекте «Отбасы-өмір аясы» тақырыбында барлық сыныптар арасында сынып сағаттары өтіліп,анықтамалары ауданға жіберілді.Осыған қоса 13 қазан күні Жанна Алиева 4-сыныппен «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. «Отбасы-мектеп» жобасы әрімен қарай жалғасып,15 қазан күні 3-7 сыныптар арасында «Әкем,анам және мен» атты тақырыппен отбасылық эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.Эстафетаға қатысушылар белсенділік танытып,арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.Бүгінгі күні мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» негізінде  құрылған «Дарын» дебат клубымен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Дебаттық топтың мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеу,болжау,  қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге тоқталу,оны жан-жақты талқылау арқылы оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастыру,сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқушыны ізденімпаздыққа жетелеу,шешендік қабілеттерін арттырумен қатар, жұрт алдында сөйлеу мәдениетін шыңдау.Сондай-ақ дебаттық топпен «Кімді сал-сері деп атар едің?», «Кибербуллингті тоқтату мүмкін бе? және бүгінгі таңда өзекті болған «Онлайн» оқытудың тиімде немесе тиімсіз жақтары тақырыптарында пікірсайыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар,оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мектеп ұжымының  басты міндеттерінің бірі болғандықтан.  оқушылардың сабаққа күнделікті уақытымен келуі қадағаланды. Біз Осы талапқа сай,мектеп медбикесімен бірлесе отырып,мектепке келген оқушыларды күнделікті дене қызуы секілді басқа да оқушы денсаулығына қатысты  бақылаулар жіті қадағаланып,санитарлық талапты сақтап бетперде кіиіп,арақашықтықты сақтап жүрулері міндеттелді.Енді осыған қосымша, алдағы уақыттарда оқушылардың өмір қауіпсіздігі үшін,мектеп мұғалімдерінен құрылған түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырамыз.