Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар » О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
О.Жандосов атындағы орта мектеп-интерант
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар
30
октябрь
2021

Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар

«О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернаты» КММ                                             қазан айында жүргізілген жұмыстар

   2021-2022 оқу жылы 1.10 күні бастауыш сыныптың мұғалімі  Ч.Қанаева                                          4 а сыныбымен  1 қазан қарттар күніне орай, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында рухани құндылыққа негізделген ашық тәрбие сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты: Рухани құндылықтарды оқушы бойына сіңіру,үлкенді құрмет тұту,кішіге ізет көрсету.Сонымен қатар, 1 қазан қарттар күніне орай мектеп оқушылары  ауылымыздағы қарт кісілерді  айтулы мерекелерімен құттықтап,сый-сиапаттарын тарту етті.Қазан айының мерекесі әрімен қарай «Ұстаздар күні мерекесімен» жалағасты. Айтулы мерекеге байланысты  барлық мектеп ұстаздарының құрметіне мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымы ұстаздардың орнына бір күндік сабақ өткізіді.Мерке әрімен қарай жалғасып, «Өзін-өзі басқару» ұйымы ұстаздар қауымына арнап,концерттік бағдарлама өткізді.Мерекелік кешке ұстаздар қауымы толықтай қатысып,оқушылардың өнерлеріне тәнті болды.Әннен шашу шашып,би билеп ұстаздарға ақ тілектерін арнаған оқушылар мерекенің көркін қыздыра түсті.Бұл меркеге байланысты «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында  сынып сағаттары өтілді. Мектебізде «Ұшқыр ой алаңы» негізінде  «Дарын» дебат клубымен жоспарлы түрде  жұмыс жүргізіліп  жатыр.Дебаттық клубтың мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеу,болжау, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге тоқталу,оны жан-жақты талқылау арқылы оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастыру,сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқушыны ізденімпаздыққа жетелеу, шешендік қабілеттерін арттарумен қатар,жұрт алдында сөйлеу мәдениетін шыңдау.Дебаттық топпен «Кімді сал сері деп атар едің?» «Қашықтықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.Пкірсайыс барысында, топ мүшелері өздеріне жүктелген тақырыпты барынша нақты фактілермен,жан-жақты аша отырып өздерінің пікірлерін ортаға салды.Екі топта белсінділік танытып,барын салды.Нәтижесінде Ақиқат тобы өздерінің ойларының ұтқырлығымен көзге түсіп сайсытың жеңімпазы атанды. 12.10 күні мектеп кітапханашылары   С.Адильбекова мен Т.Маратова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған  жерге тағзым» жобасын  жүзеге асыру мақсатында  «Туған жерім мекенім» тақырыбында кітапханалық сабақ ұйымдастырды.Оқушылардың бойына ұлттық,рухани  құндылықтарды сіңіру,туған жерін,елін сүюге жетелеген сабақтың тәрбиелік мәні жоғары болды.Сабақ барысында кітапханашы С.Адильбекова кең байтақ  Қазақстанның мәдени мұраларын,ұлттық құндылықтарын,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын оқушыларға кеңінен баяндап,түсіндірді.Әрімен қарай, сабақтың екінші бөлімінде оқушылар әннен шашу шашып,би билеп, өлең-жырларын оқып, көрермендердің көңілінен шықты.  13.10 күні бастауыш сыныптың мұғалімі Ж.Алиева 3 б сыныбымен «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында отбасы тәрбиесі бағытында ашық тәрбие  сағатын өткізді. Отбасы тәрбиесі,отбасы құндылықтары жайында, сонымен қатар әке тәрбиесі,ананың аялы алақаны,әженің мейірімі, атаның өсиеті сынды рухани құндылыққа негізделген Тәрбие сағаты болды.Сабақ барысында оқушылар ән айтып,би билеп,жырдан шашу шашып қана қоймай, сахналанған көрініспен қатар, ұлттық дастарханды да жасады.Сабақ соңында ұстаздар сынып жетекшісіне,оқушыларға алғысын білдірді. «Рухани жаңғыру» бағдарлмасы аясында «Туған жерге туыңды тік» жобасы бойынша мектеп оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге 5-9 сыныптар қатысып,үздік деп танылған 5,6,7,8,9 сынып оқушылары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Табаиғат тал бесіктен демекші 1-9 сыныптар арасында «Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында қабырға газеттерін шығарды.Мақсаты табиғатты қорғау,табиғат байлықтарын сақтау. Мектептің «Өзін-өзі  басқару» ұйымы мектеп өміріндегі оқиғалар тақырыбында бейнеролик түсірді..  Қазан айының 15-16 күндері  салауатты өмір салтын қалыптастыру,ата-анамен оқушылар арасында спорт мәдениетін кең тарату,спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру,достық қарым-қатынасқа,ұйымшылдыққа бағыттау мақсатында «Отбасы-мектеп» жобасы аясында 3-8 сыныптар бойынша «Анам,әкем және мен» атты отбасылық эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Ойын 12 кезеңді қамтыған сайысқа  ата-аналармен оқушылар белсенді түрде қатысты.Үздік шыққан отбасыларын ойын соңында мектеп әкімшілігі мақтау қағаздарымен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Кікей Самат 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.мақсаты: оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» байланысты сынып жетекші Б.Құлжабекова 5-сынып оқушыларымен   «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Қазан айында «Құқықтық сана –қауымға пана» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымымен дөңгелек үстел өтілді.Мақсаты: оқушыларды құқықтық сауаттандыру,рухани дамыған,адамгершілігі мол ұрпақ қалыптастыру.10-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтіліп, 5-9 сыныптар арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 26.10 күні Омарова Кәмшат 8 а сыныбымен «Құқық айлығы» аясында «Заңды біл де,құрметте!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты; оқушылардың құқықтық білімдерін кеңейту,бір-бірін құрметтеу,өз құқтарын білу.Мұғалім сабаққа өте жақсы дайындықпен келеген,барлығы да талапқа сай,көрнекі құралдары мол.Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті.Сабақ барысында оқушылардың құқықтық сауаттылықтары артты.27.10.күні мектебімізде «Арайлы алтын күз» күзгі балл іс-шарасы өтілді.Күз ханшаймына үміткер ретінде 8-10 сынып оқушылары қатысып,бақ сынасты.Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып,арнайы дайындап келген қолөнер бұйымдарын таныстырды.Күзгі балл кешіне оқушылар жақсы дайындықпен келген.Бірінен бірі ерекшеленіп тұрды.Мұғалімдерден құрылған әділқазы мүшелері сайыстың барысын,оқушылардың дайындығын,қойылған талаптарын ескеріп,сараптай келе «Күз ханшайымы» атағына 9-сынып оқушысы Жанболат Аружан лайық деп шешіп,арнайы мақтау қағазымен марапаттады.Қазіргі таңдағы ахуалға байланысты оқушылардың өмір қауіпсіздігі үшін, мектеп медбикесі «Короновирустан сақтанудың жолдары» тақырыбында оқушыларға сыныптар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. «Ұшқыр ой алаңы»  «Жемқорлықсыз қоғам болу мүмкін бе?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап,оқушылардың сабаққа өз уақытанда қатысуын қадағалау тәрбие бөліміне міндеттелген.Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп отырды.Қазан айында «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен құрдастарының рөлі тақырыбында» ата-аналар жиналысы өтілді.Жиында оқушылардың тәрбиесінде отабасы мен құрдастарының  рөлі маңызды екендігі төңірегінде кеңінен жиын өтті.Жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап ЖББ қорынан бөлінген қаржыға,аз қамданған,көп балалы,отбасының балалары бір мезгіл ыстық тмақпен қамтылып,қадағаланды.